Жамбыл облысында жыл аяғына дейін 25 ауылшаруашылығы кооперативі құрылады. Оған қазынадын бес жарым миллиард теңге бөлінген. Қазір өңірдің әр аймағында түсіндіру жұмыстары жүруде. Бұған дейін өз бетімен шаруасын дөңгелеткен тұрғындар енді ұжымдасып еңбек етуге көшіп жатыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ