Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» қалайы өндірісін  2 млн  тоннаға жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» қалайы өндірісін  2 млн  тоннаға жеткізді

16.05.2017

Бүгін Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» қалайы өндірісін  2 млн  тоннаға жеткізді. Бұл кәсіпорын ашылғаннан бергі небәрі 10 жыл ішіндегі көрсеткіш. Негізі бұл еуропалық технология бойынша салынған, дайын аллюминий шығаратын ТМД елдеріндегі бірегей кәсіпорын.

Павлодардың Аллюминий зауыты 60 жыл бұрын салынды. Бірақ, 2007 жылға дейін Қазақстан Торғай мен Керегетас кендерінен алынған  бокситті жартылай өңдеп, шикізат есебінде сатып келді. Ал, нағыз қалайы «Электролиз зауыты» салынғаннан кейін шығарылатын болды.

Бұрын өндіріске қажетті анодты Ресей мен Қытайдан әкелетін. Ал, қазір «Қазақстанда жасалған» деген белгі соғылған құймалар толық отандық  өнімнен жасалады. Яғни, кәсіпорын 10 жылда импортқа тәуелділіктен арылды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу