Елімізде жәбірленушілердің дені полицейлерден зардап шегеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жәбірленушілердің дені полицейлерден зардап шегеді

16.05.2017

Елімізде жәбірленушілердің дені полицейлерден зардап шегеді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық форумда қоғамдық қор директоры Жеміс Тұрмағамбетова айтты. Былтыр адам құқығы жөніндегі уәкілге азаптау, қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттер бойынша 163 арыз келіп түскен. Шағымданушылардың көбі Алматы мен Қарағанды облыстарынан. Уәкіл түскен арыздар бойынша терең зерттеу жүргізіп, құқықтық көмектен тыс тұрғындарға психологиялық қолдау көрсетуде. Форумға алыс-жуық шет елден 100-ге жуық мейман қатысуда.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу