Алматы облысының прокуратура органдарында ашық есік күндері ерекше қолға алынып отыр. Мұндағы басты мақсат - жастар арасында прокурорлық қызметтің артықшылықтарын жете түсіндіру. Заңды қадағалайтын сала маманының жұмысына мектеп түлектерінің қызығушылығын арттыру. Ашық есік күндерінде басты назарда - ауыл жастары. Мәселен, Көксу ауданының прокуратурасы Балпық би ауылының жоғары сынып оқушыларына саланың қиын да қызықты тұстарын түсіндіріп, негізгі міндеттерін әңгімеледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ