Атырауда СПИД-ке шалдыққандар көбейіп барады. 2015 жылы 11 адам қауіпті дертті жұқтырса, былтыр 23 азаматтан инфекция табылған. Демек, вирусты жұқтырғандар қатары екі есе көбейіп отыр. Ең қатерлісі, аты жаман ауру балалар арасында кең таралып барады. Былтыр 1 жасар баланың бойынан СПИД-тің вирусы анықталса, биыл 4 айлық нәресте дертті болды.
Айдос ҚАРАБАЛА