Қазақстанда фармаколог мамандар тапшы. Қазір еліміз бойынша аталған салада небәрі 200 адам жұмыс істейді. Олардың тек 5 пайызының ғана фармакология мамандығы бойынша дипломы бар. Ал, өзгелері арнайы сертификатқа ие мамандар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды. Осы мәселелерді шешу жолдары енді 12-мамыр күні Парламент қабырғасында өтетін фармацевтиканың жай-күйі жайлы тыңдауда талқыланбақ. Сондай-ақ, тыңдау барысында депутаттар тегін дәрі-дәрмекпен қамтудағы күрмеулі мәселеге де тоқталады. Өйткені, жыл сайын мемлекеттен осы мақсатқа қаржы бөлінгенімен, халық тарапынан түсетін шағым азаяр емес.
Шынар АСАНҚЫЗЫ