Елордадағы «Мәңгілік ел» қақпасында шолу алаңы мен көрме галереясы ашылды. Енді қалаға көрік беріп тұрған жерден айналаны панорамалық дүрбімен тамашалауға болады. Ол жер бетінен 21 жарым метр биікте орналасқан. Ал қақпаның ішіндегі галереяға түрлі тарихи суреттер мен өнер туындылары қойылды. Яғни, Астананың тұрғындары мен қонақтары бұл жерден шаһардың өткенін суреттен, бүгінін дүрбіден тамашалай алады.
Оңғар АЛПЫСБАЙ