«Қайырымдылық - қадірлі іс». Республикалық оқушылар сарайы қайырымдылық концертін өткізді. Одан жиналған қаражат 9 жасар Баубек Тастановтың еміне жұмсалады.
Ауыр дертке шалдыққан оқушыға шұғыл түрде шетелде операция жасау керек. Алайда баласын шетелде емдетуге ата-ананың қаражаты жоқ. Өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын жандар игілікті іс, шапағаты мол шараға белсене атсалысты.
Индира БЕГАЙДАР