Осы аптаның сенбісінен бастап қазақстандықтар қатарынан  4 күн демалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптаның сенбісінен бастап қазақстандықтар қатарынан  4 күн демалады

02.05.2017

Елімізде осы аптаның сенбісінен бастап азаматтар қатарынан  4 күн демалады. Себебі, алда екі бірдей мереке - 7 және 9 мамыр.

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні биыл жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан, Мерекелер туралы Заңға сәйкес демалыс 8 мамырға, яғни, дүйсенбіге ауыстырылады. Ал, 9 мамыр  Жеңіс күніне орай елімізде бұрыннан демалыс. Осының арқасында тұрғындар сенбі 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса алғанда, үзіліссіз 4 күн бойы демалады.            

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ    

Хабарламаларға жазылу