Құжатты бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Үкімет мүшелеріне таныстырды. Осы тұжырымдама негізінде болашақта заң жобасы дайындалады. Оған дейін дінді ұстану тәртібі және діни сауаттылықты арттыру жұмыстарын қалай жүргізу керектігі азаматтық қоғам талқысына түседі. Ғалымдар мен сарапшылардың пікірі ескеріледі. Нәтижесінде нақты нормалар қарастырылып, арнайы заң дайындалады. Тұжырымдаманың басты мақсаты - діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми-теориялық негіздерді айқындау, елдегі дін саласын реттеу бойынша әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтау.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ