Талдықорғанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай сала қызметкерлері арасында республикалық спартакиада жалауын көтерді. Спорттың 5 түрінен өтетін додаға Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменттерінің мамандары қатысты. Олар екі күн бойы шағын футбол, волейбол, суда жүзу, нысана көздеу және қоян-қолтық ұрыстан өзара бақ сынайды. Жеңімпаз команда Астанада өтетін ақтық додаға жолдама алады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ