Батыс Қазақстан облыстық Спорт басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Шаяхметов 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол басқарма басшылығына өткен жылдың 16-тамызында тағайындалған еді. Жаңа қызметінде тек төрт ай ғана еңбек етіп, желтоқсан айында парамен ұсталды. Экс-шенеунік облыстық Спорт басқармасының бұрынғы бөлім басшысы Ақжан Ишанов арқылы спорт мектептерінің директорлары мен аға-бапкерлерден Астанаға жылдық есеп тапсыру үшін деп ақша жинаған. Кінәсі толық дәлелденген. Әрі 1,4 млн. теңге көлемінде азаматтық шағым өндірілген.