Жүргізушілерге салынатын айыппұл қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізушілерге салынатын айыппұл қысқарады

28.04.2017

Полицейлерге арнайы таяқшалар қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы Сенатта Ішкі істер министрі мәлім етті. Сонымен қатар, ол «жүргізушілерге салынатын айыппұл  қысқарады», - деді. Яғни, әкімшілік құқықбұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл сомасы төмендеуі мүмкін. «Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру мақсатында біз өзіміздің құқық қолдану тәжірибемізді қайта мұқият қарап шықтық», - деді Ішкі істер министрі.  Оның айтуынша, мұнда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар туралы айтылып тұрған жоқ. «Мысалы, көлікпен тоқтап және оны тұраққа қою кезінде салынатын айыппұл көлемін азайту ұсынылып отыр. Ал, фараны міндетті түрде қосып жүру туралы талаптарға келетін болсақ, ол әрекет алғаш рет жасалса, тек ескерту айту ұсынылады», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу