Алматы облысында нөсер жаңбырдың салдарынан 151 үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында нөсер жаңбырдың салдарынан 151 үйді су басты

28.04.2017

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты бірнеше саяжайды су басты. Толассыз жауған жауын салдарынан таудан аққан екпінді су өзен арнасынан тасып, елді мекендердің үстімен аққан. Арнасына сыймай тасыған су жолдағының бәрін шайып өткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен арнасының құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған. Сондықтан, өзеннің кейбір тұстарында су деңгейі белгіленген шамадан асқан. Соның салдарынан Райымбек және Қырғауылды ауылы, Ақсай 19, Торпеда, Труд саяжайындағы 151 үй қызыл судың астында қалды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу