Алматыда полицейді ұрып-соққан бұзақы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда полицейді ұрып-соққан бұзақы қамауға алынды

26.04.2017

Алматыда әйел полиция инспекторына қол жұмсаған бұзақыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео елді жаға ұстататып, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің назарына іліккен еді. Алатау ауданындағы №114 мектептің ауласында учаскелік инспекторді ұрып-соққан әлгі адам «Исаның атымен тізерлеп отыр!»,- деп айғайлап дөрекі сөздер айтып, қыз балаға ауыр соққылар жасаған. Оқиға орнында болған куәгерлердің ешқайсысы араша түспеген. Анықталғандай, полицейге қол көтерген күдікті бұрын адам өліміне қатысты істі болып, жазасын өтеп шыққан екен.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу