Биыл шаруалар 9 мың гектар жерге қант қызылшасын екпек. Қызылша өсірушілерге арналған алқап күнінде диқандарға тәтті түбір өсірудегі тың технологиялар таныстырылып, жаңа тұқым сорттары ұсынылды. Жалпы, биыл өңірде 300 мың тонна қант қызылшасын өндіру көзделіп отыр. Жыл соңында Ақсу қант зауыты іске қосылып, екі кәсіпорын 35 мың тонна қант өндірмек. Ал, облыс бойынша осы дақылды өсіруге 590 шаруашылық кірісті.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ