Елордада қазақ-француз іскерлік кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қазақ-француз іскерлік кеңесі өтті

26.04.2017

Қазақ-француз ынтымақтастығы беки түспек. Елордада дәстүрлі іскерлік кеңесте бас қосқан екі ел кәсіпкерлері болашаққа жоспарларын нақтылады. Франция - Қазақстанға инвестиция құятын мемлекеттер арасында үшінші орында. Екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 1 миллион доллардан асып жығылады. Француз компаниялары еліміздің ауылшаруашылық, құрылыс, мұнай-газ өнеркәсібі салаларына басымдық беріп отыр. Болашақта қос тарап басқа да бағыттарды бағындыруды жөн санайды.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу