Бүгін Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан-Ресей жазушылары мен қоғам қайраткерлері  арасында бейнекөпір өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан-Ресей жазушылары мен қоғам қайраткерлері  арасында бейнекөпір өтті

26.04.2017

«Ынтымақпен келген ұлы жеңіс». Бүгін Астанада осындай атаумен Қазақстан-Ресей жазушылары мен қоғам қайраткерлері  арасында бейнекөпір өтті. Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада 2-і дүниежүзілік соғыстың келтірген зардабы, оның тарихтағы орны туралы айтылды. Сол қиын кезеңдегі халықтың бірлігі мен өр рухы, ерлігі мен қайсарлығы сөз болды. «Мәскеудің бейнекөпірді  Астанамен бірлесе өткізуінде үлкен мән бар»,-дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, қазақ жауынгерлері  жеңіс туын желбіретуге үлкен үлес қосса, майданға жіберілген мыңдаған тонна өнім елімізден жеткізіліп отырды. Бұдан өзге, сол қиын-қыстау кездерде Қазақстан білім мен мәдениеттің ордасы бола білді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу