Бар ырысын жерден өндіріп отырған диқандар үшін қазір әр бір күн қымбат. Себебі, биыл қыс ұзаққа созылып, егін егу науқанына шаруалар 15-20 күнге кеш кірісті. Бір ғана Кербұлақ ауданы биыл 80 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақыл сеуіп, жылдағыдан мол өнім алуға үмітті. Оған өңірде жаңадан құрылып жатқан кооперативтер де өз үлесін қосуда.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ