Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты. Бірі Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданын бетке алса, екіншісі Атбасардағы тасқын судан жапа шеккен ағайынға аттанды.
Жүктің салмағы – 5 тонна. Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен азық-түлік көмекке зәру елдің қолына ертең тиеді. Ал, алматылық белсенділер екінші керуенді жасақтауға әзірлікті бастап кетті. Өзге өңірдегі қайырымдылық науқаны да қыза түскен.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ