Бүгін Алматыда беделді сарапшылар мен тіл ғалымдары латын қарпіне көшу мәселесіне қатысты бас қосты. Олар тілді компьютердің клавиатурасына икемдейміз, деп оның заңдылығын бұзып алмау керектігін ескертті. Әліпби ауыстырарда Түркия мен Әзірбайжан, Өзбекстан жіберген қателіктерді қайталамауға шақырды. Мамандардың сөзінше, қазақ елі үшін саяси, экономикалық, рухани тұрғыдан да әліпбиді өзгертуге ең қолайлы кезең.
Амангелді СЕЙІТХАН