Ақтөбеде су тасқынына байланысты 1510 адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде су тасқынына байланысты 1510 адам қауіпсіз жерге көшірілді

18.04.2017

Ақтөбеде су тасқынына байланысты төтенше жағдай әлі де сақталады. Ресми дерек бойынша бүгінгі таңда  бау-бақша ұжымындағы 597 үй суға кетті. Бес шаңырақ қирап қалды. 1510 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 69 адам судан құтқарылды. Қазір Ақтөбе қаласының Махамбет, Қурайлы ауылдары, Кірпішті көпірінің тұсы, Заречный 2, сүт зауыты, Қарғалы, «Келешек» аумақтарында және бірнеше бау-бақша ұжымында қауіп сейілген жоқ. 8 мобильдік топ құрылды. Апаттан зардап шеккен тұрғындар қаладағы мектептерге орналастырылуда.

Гүлбағда ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу