Биыл көктемгі су тасқынынан 52 елді мекен зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл көктемгі су тасқынынан 52 елді мекен зардап шекті

18.04.2017

Биыл көктемгі су тасқынынан республиканың 7 өңірінен 52 елді мекен қиындық көріп отыр. Олар –  Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары. Қауіпті аймақтарда 6 мың адам, 87 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілген. 2 мыңға жуық баспана су астында қалып, 120 тас жолды су шайып кетті. Қазір 68 жол қалпына келтірілді. Әсіресе, Ақмола облысындағы жағдай қиын. Өңірде 900-ге жуық үй су астында қалды. 2500 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі су тасқыны салдарын жою мақсатында қауіпті учаскелерге құтқарушы, полиция, әскери қызметшілерден 3 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 722 техника тартылған.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу