Қызылордада облысында алимент төлеуден жалтарғандардың саны 8 мыңнан асты.
Борышкерлер санын азайту мақсатында облыстық Әділет департаменті, қалалық прокуратура және қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Қарызын өтемей жүргендердің көбі «тұрақты жұмыс жоқ» деп сылтау айтады. Сондықтан, бүгінгі жәрмеңке борышкерлер үшін үлкен мүмкіндік болды. 13 мекемеден 54 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 14 борышкер тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Ақерке БЕРІКБАЙҚЫЗЫ