Қараусыз қалған бүлдіршіндер абайсызда мерт болды. Атырау облысы Махамбет ауданының Атамбаев елді мекенінде бір үйдің екі қызы суға кетті. Аудандық Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандарының айтуынша, қайғылы жағдай кеше сағат күндізгі 12-лер шамасында болған. Бүлдіршіндер далаға ойнауға шығып, үйден бар болғаны 20 метрдей жердегі Жайық өзенінің тік жарынан құлап кеткен. Қыздардың бірінің жасы 2-де, енді бірі - 4 жаста. Балалардың мүрдесін судан әкесі мен ағасы шығарып алған.
Айдос ҚАРАБАЛА