Өз еркімен құрылыс жүргізу ісіне қатысты сотқа шағымданушылар азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз еркімен құрылыс жүргізу ісіне қатысты сотқа шағымданушылар азаймай тұр

10.04.2017

Бұл туралы Алматы облысының Қарасай аудандық сотында өткен алқалы жиында айтылды. Судьялардың сөзінше, елді мекенде үй, басқа да ғимараттарды рұқсат құжатсыз салған тұрғын көп. Енді олар оны заңдастыра алмай әлек. Ал, бұған құрылыс нысандарын салуға қойылған талаптар мен жұмсалатын қаражаттың көптігі себеп. Сондай-ақ, арыз-шағымның толастамауына жергілікті архитекторлардың заң ережелерін халыққа дұрыс түсіндірмеуі де кері әсерін тигізіп отыр.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу