САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ОҚИҒАСЫ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТТІГІН КӨРСЕТТІ – МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ОҚИҒАСЫ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТТІГІН КӨРСЕТТІ – МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ

04.04.2017

«Басты тақырып» бағдарламасы бүгін «Санкт-Петербургтегі теракт: себеп пен салдар» тақырыбын талқылады.

Студия қонағы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

«Санкт-Петербургке қауіп Орта Азиядан келді деген ақпарат таралып жатыр. Бұл - дұрыс емес ұстаным. Қауіп террористік, экстремистік топтардан келіп жатыр. Кейбір Орта Азия азаматтары осы топтарға қатысып, қылмыстық әрекеттер жасаған болуы мүмкін. Ол тергеу барысында анықталады.  Дегенмен, метродағы жарылыстың артында сол топтардың тұрғаны анық. Бұл - діни фанаттар жүзеге асырған қылмыстық-террористік акт. ДАИШ лаңкестік ұйымының тікелей қатысы болуы мүмкін.

Сондықтан, оқиға терроризм және экстремизммен күресте әлі де үлкен шараларды жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді», дейді Мәжіліс депутаты. 

Хабарламаларға жазылу