Қарағанды облысында 33 үйге су кіріп, 397 адам қауіпсіз жерге көшірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 33 үйге су кіріп, 397 адам қауіпсіз жерге көшірілген

04.04.2017

Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында су тасқыны болу қаупі күшейеді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов айтты. Осыған орай аталған екі өңірде құтқару қызметтерінің басым бөлігі сол жаққа ауыстырылып жатыр.

Сондай-ақ, тасқын су салдарынан бүгін еліміздің 4 аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Қарағанды облысындағы жағдай күрт қиындап кеткенін Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов та растап отыр. Осы уақытқа дейін 7 елді мекенде 33 үйге су кірген. 397 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

 

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу