Билікті басып алу, соған насихаттау немесе жария түрде шақыру бабы бойынша сотталған тұлғалар азаматтықтан айырылуы мүмкін. Бүгін Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында министр Марат Бекетаев осылай деді. Заң жобасына әзірге Қылмыстық кодекстің 10-нан астам бабы енген. Министрдің сөзінше, бұл құжаттың соңғы нұсқасы емес.
Ғабит БӨКЕНБАЙ