Қоғамдық көлік қызметі жақсармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық көлік қызметі жақсармақ

16.03.2017

Астананың қоғамдық көлік жүйесінің қызметкерлері жаппай біліктіліктерін арттырады. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық адам арнайы оқу курстарынан өтпек. Өйткені, соңғы кездері жүргізушілер мен кондукторлардың этикасына қатысты дау көп. Бұдан былай көлік қызметіне қатаң қадағалау жасалмақ.

1-сәуірден бастап барлық автобус жүргізушілеріне ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбақ. Бүгін «Нұр Отан» партиясында қалалық көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жиын өтіп, тараптар тақырыпқа қатысты түйткілді мәселелерді талқылады.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

                                                         

Хабарламаларға жазылу