Петропавлдағы автобус аялдамаларын белгісіз біреулер қиратып кетуде. Шығын 1 млн. 700 мың теңгеге жетті. Бүгінде облыс орталығындағы 20 аялдама бүлінген. Былтыр мұндай 6 оқиға тіркеліп, 1 азамат жауапқа тартылған. Жаңа аялдамалар 2015 жылдан бері орнатылып келеді. Әрқайсының құны1 млн. 100 мың теңге шамасында..
Самат САПАРАЛЫ