Жемқорлықты жұмыла жеңеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықты жұмыла жеңеміз

16.03.2017

Жемқорлықты жеңу үшін бүкіл қоғам бір кісідей жұмыла кірісуі керек. «І-ші азаматтық бастамашылдық конгресінде» Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осылай деді.

Жемқорлықты жеңу үшін агенттік сан қилы тәсіл қолданбақ. Әлден әлеуметтік желідегі жұмыс қызып тұр. Лауазымына қарамай қамалып жатқан шенеуніктердің ісі көпшіліктің талқысына түсуде. Сонымен қоса, агенттік мамандары алдағы 2 айда 250 мың тұрғынның есігін қағып, жемқорлықтың жиіркенішті құбылыс екенін насихаттамақ.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу