Ауруы асқынған ол арнамызға хабарласып, көмекке зәру екендігін айтты. Сол әйелмен бірге былтыр қауіпті дертке ұшырап, ауруханаға түскен 8 науқастың 6-ы көз жұмған. Сондықтан, ол біздің емес, шетелдік медицинаның көмегіне жүгінбекші.
Оның науқасынан айығуы үшін оңтүстіккореялық дәрігерлер 370 мың доллар сұраған. Ал, израильдік медицина мамандары 112 мың доллардың емін ұсынып отыр. Алайда, оған қаражат жағы қолбайлау болып тұр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ