Қариясы бар ел – қазыналы ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қариясы бар ел – қазыналы ел

14.03.2017
Қариясы бар ел – қазыналы ел

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері және жас буын өкілдері биылғы Көрісу мерекесінде өңірдегі «Қарттар үйіне» арнайы барды. Жаны жабырқау жандардың хал-амандығын сұрап, құшақ жая көрісті.

 

Мейрам қарсаңында ұлттық тағамдар, бауырсақ және Наурыз көже таратылып, амалдың мәні мен маңызы айшықтала түсті. Айта кетейік, бүгінде Атыраудағы «Қарттар үйінде» 100 қария қамқорлыққа алынған. Көрісуге келген жастарға үлкендер батасын беріп,  ыстық ықыласын жеткізді.

 

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу