Алматы облысында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы бүгінде 687 отбасылық мал бордақылау алаңдары қаржыландырылды. Олар кооперативтерге бірігіп, мал сою бекеттеріне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға несие алды.
Жалпы, былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасымен 1158 несие алушыға 3,7 млрд. теңге берілді. Нәтижесінде 2 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ