«ЭКСПО»-да полиция бөлімі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-да полиция бөлімі ашылды

14.03.2017
«ЭКСПО»-да полиция бөлімі ашылды

Бүгін Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесі аумағында Есіл аудандық Ішкі істер басқармасының полиция бөлімшесі өз жұмысын бастады. Онда кезекші бөлім, тергеу топтары, шұғыл әрекет жасағы және криминалистер жайғасқан.

 

Қазіргі таңда бөлім қызметкерлері ЭКСПО аумағын бақылауға алып, құрылыс барысын қадағалауда. Осы күнге дейін аталған аумақта 16 ұсақ қылмыс тіркеліпті. Айта кетейік, көрме кезінде 9000 тәртіп сақшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу