Сатушы қарақшының қаруын тартып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сатушы қарақшының қаруын тартып алды

10.03.2017
Оқиға 9 наурызда Талғар қаласында болды.

Алматы облысында супермаркетті тонамақ болған қарақшының қолындағы қаруын сатушы қыз тартып алды. Бұл сәт дүкендегі камераға түсіп қалған. Оқиға 9 наурызда, кешкі тоғыздар шамасында Талғар қаласында болды.

Видеодан дүкенге кірген жігіт кассадағы сатушыға қару кезенгенін көруге болады. Алайда, әйел мүдіріп қалмай, қылмыскердің өзіне тап беген. Дүкеншіге өзге бір дүкен қызметкері мен тағы бір ер адам көмекке келіп, олар қарақшының қолындағы қаруды тартып алады.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу