Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда қалалық прокуратура ғимаратында болған оқыс оқиғаға орай бүгін облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты. Нақтыланған ақпарат бойынша кезекшілікте тұрған Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табельдік тапаншасынан оқ атып, әріптесін жарақаттаған.
Тапанша оғынан кіші сержант Олжас Әбілқасымов оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ