Өз басын қатерге тігіп, 18 баланың өмірін аман алып қалған полиция қызметкерінің операциясы сәтті аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз басын қатерге тігіп, 18 баланың өмірін аман алып қалған полиция қызметкерінің операциясы сәтті аяқталды

07.03.2017
Өз басын қатерге тігіп, 18 баланың өмірін аман алып қалған павлодарлық полицей Мұрат Нұрсейітовке жасалған алғашқы операция сәтті аяқталды. Дәрігерлер оның сол жақ жамбасын қалпына келтірді.

Қазір, науқастың жағдайы жақсы. Алайда, оның жауырыны, білегі мен 4 қабырғасы сынғанын ескерсек, полиция қызметкеріне тағы 2 мәрте ота жасалмақ.


Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу