Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында жылыжайға егілген  раушан гүлдер бүршік ата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында жылыжайға егілген  раушан гүлдер бүршік ата бастады

06.03.2017
Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында жылыжайға егілген  раушан гүлдер бүршік ата бастады

Қардың көбесі сөгілмей жатып, оңтүстікқазақстандық бағбандар қыз-келіншектердің көктемгі мерекесіне дайындыққа кірісіп кетті. Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында жылыжайға егілген  раушан гүлдер үлбіреп, бүршік ата бастады. Хош иісімен елітіп, жапырағы жайқалған алқызыл гүлдер енді 8 наурыз мерекесінде нәзік те аяулы жандардың құшағын қуанышқа толтырып,  шуаққа бөлемек.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу