Қапшағай қаласының Кербұлақ ауылында 13 мың тонна көкөніс қоймасы босқа тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай қаласының Кербұлақ ауылында 13 мың тонна көкөніс қоймасы босқа тұр

02.03.2017
2011 жылы жұмысын бастаған кәсіпорындардың жұмысына не кедергі?

13 мың тонна көкөніс қоймасы босқа тұр. Қапшағай қаласының Кербұлақ ауылында орналасқан алып нысанда пияздан басқа өнім сақталмайды. Оған қоса, 4 контейнер істен шыққан. Кезінде Президенттің қатысуымен салтанатты түрде ашылған қоймада 119 жұмыс орны ашылған. Бірақ, бүгінде тек 50 адам жұмыс істеп жүр. Ол да тұрақты жұмыс емес.

Қойманы қойып, «Нұр агро» серіктестігіне берілген жерге көшсек. Бұл алқап та игерусіз босқа жатыр. 2011 жылы жұмысын бастаған кәсіпорындардың жұмысына не кедергі?

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу