Қарағанды прокурорлары «Қауіпсіз қала» жобасын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды прокурорлары «Қауіпсіз қала» жобасын қолға алды

02.03.2017
Олар жергілікті әкімдікпен және жеке компаниялардың бірімен келісім-шартқа отырып, қаланың кісі көп жүретін жерлеріне 909 бейнекамера орнатқан. Енді үй ауласына және подъездерге қойып жатыр. Бірақ, оның құнын үй тұрғындары төлейтін болады. Екі камераның бағасы шамамен 30 мың теңге.
Ал, компания камералардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын тегін қамтамасыз етпек. Қазірдің өзінде қарағандылықтардан 100-ге жуық өтініш түскен.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу