Мәслихатта босаған депутаттардың орнына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді. Бос депутаттық мандаттарға барлығы 201 үміткер ұсынылып, тек, 184-і тіркеуден өткен. Ал, бос орын небәрі – 58. Мәслихат депутаттығынан дәмелілердің дені – ер азаматтар, яғни 154 адам. Қалған 47-і - әйел.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ