Балықшылар басына бұлт үйірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балықшылар басына бұлт үйірілді

28.02.2017
Атыраулық балықшылар жергілікті билік бекіткен ережемен келіспейді. Биыл күшіне енген жаңа тәртіпке сай өзен, теңізге шығатын су көліктерінің қуаты 20 ат күшінен аспауы тиіс. Ал, бұрынғы меже 40 аттың қуатымен өлшенген еді.

Көңіліне күдік ұялаған балықшылар Дамбы ауылдық әкімдігінің алдына жиналып, жергілікті билікке талаптарын жеткізді. Тұрмыс-тағдырын өзенмен сабақтастырғандар енді қайтерін білмей дал.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу