Жемқорлықпен енді дінбасылар да күресетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықпен енді дінбасылар да күресетін болды

25.02.2017
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгін оларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жиналғандар жемқорлықты ұрлықпен пара-пар деп түйіндеп, бұл – біздің қоғамның рухани індеті екенін мойындады. Ал, ұрлық қай дінде болмасын үлкен күнә саналады. Сондықтан, шенеуніктер жемқорлықты тек әкімшілік, не қылмыстық жазалаумен ғана емес, рухани байлықты насихаттау арқылы жеңуге болатынын жеткізді.


Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу