Жаңа ауданның жұрты жол азабын тартып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа ауданның жұрты жол азабын тартып отыр

24.02.2017
Жаңа алматылықтарды ескі проблемалар титықтатты.

Мегаполис тұрғыны атанғандарына үш жыл, бірақ көрген күні бұрынғы. Жаңа алматылықтарды ескі проблемалар титықтатты. Көгілдір отын, ауызсуды әр үй өздері тартып алған. Көшені қардан тазартуды да өздері-ақ қатырып жүр. Өздерінің күші жетпей отырған қиындық – кәдімгі жол.

Көлік жүретін жолдың сапасы сын көтермейді. Дұрысы, мүлдем жарамсыз. Жұрт таңертең жұмысқа, оқушылар мектепке қатынай алмай әуре-сарсаңға түсіп жүр. Өйткені, екі көлік қарама-қарсы келсе, не әрі, не бері өте алмайды.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу