Павлодар өңірінде су тасқынынан қорғану жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар өңірінде су тасқынынан қорғану жұмыстары басталды

24.02.2017
Төтенше жағдайлар қызметі жедел жұмыс топтарын құрып, су жайылады деген аумақтарға бекеттер орнатып жатыр.

Павлодар өңірінде 4 күн ұдайы соққан боран саябырсыды. Қазір, Іле аймағында көктемгі су тасқынынан қорғану жұмыстары басталды. Алдымен, былтыр желтоқсан айында пайдалануға берілген «Тәуелсіздік көпірі» астына уақытша қойылған құйма тіреулер алынып жатыр.

Себебі, сең қозғалған кезде мұз осы тіреулерге кептеліп, апатты жағдай туындауы мүмкін. Оның үстіне биыл аймаққа қар нормадағыдан екі есе көп түсті.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу