Түркістанда 64 адам өкпе ауруына шалдығып, кеселден үш адам көз жұмды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 64 адам өкпе ауруына шалдығып, кеселден үш адам көз жұмды (толығырақ)

23.02.2017
Түркістан қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы науқастардың 64 -і туберкулезге шалдыққан. Олардың үшеуі қайтыс болды. Осы оқиғадан соң мекеме басшыларының түгелі дерлік қызметтерінен босатылған.

Қазір ақыл есінде ауытқулары бар науқастарға арналған бұл орталықта ем алып жатқан 504 азаматтың барлығын медициналық тексерістен өткізу жалғасып жатыр. Дертке шалдыққандармен қарым-қатынаста болған 363 адамның денсаулығы дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды.

Орталықта қауіпті аурудың ошағы неден пайда болғанын Туберкулез мәселелері бойынша ұлттық ғылыми орталық пен Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті мамандары жан-жақты зерттеуде.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу