ОҚО-да 60-тан аса адам өкпе ауруына шалдығып, кеселден үш адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да 60-тан аса адам өкпе ауруына шалдығып, кеселден үш адам көз жұмды

23.02.2017
Дәрігерлер Түркістан қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында жатып, өкпе ауруына шалдыққан 61 азаматтың сырқат деңгейін анықтауға кірісті. Олардың туберкулездің ашық немесе жабық түрін жұқтырғанына байланысты әрқайсысына арнайы ем шара белгіленеді. Бүгінгі таңда орталықта ем алып жатқан 504 азаматтың барлығын медициналық тексерістен өткізу жалғасып жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу