Келер жылдан бастап өмір сүру минимумы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап өмір сүру минимумы өседі

22.02.2017
Келер жылдан бастап өмір сүру минимумының сомасы шамамен 16 пайызға өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деді. Жалпы, айлық кірістеріне байланысты Қазақстан халқы 10 топқа бөлінеді. Соның алғашқы ең төменгі үшеуі табысының 54-57 пайызын азық-түлікке, қалғанын өзге тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсайды екен. Осы пропорцияны ескере отырып, өмір сүру минимумы қайта есептеледі.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу